САЙРАМ: Шаруа қожалықтары жылына екі рет өнім алу әдісіне көшті

САЙРАМ: Шаруа қожалықтары жылына екі рет өнім алу әдісіне көшті

33 просмотров

 

САЙРАМ: Шаруа қожалықтары жылына екі рет өнім алу әдісіне көшті

Қай ау­дан­ға барсаң да қайнаған ең­бек­тің үстінен түсесің. Жер жағдайына қарай тіршілігін жасап жатыр. Әйтсе де со­лар­дың ішінде шағын кәсіп­кер­лікке ерекше ден қойған Сайрам ау­да­нының жөні бөлек. Құла дүзге су шығарып, жемісін жеп, қора-қора мал айдап қызығын көріп отырғандар қай ауданда да жетеді. Сайрам ауданы еліміздегі егін шаруашылығын дамытуға, одан мол өнім алуға өте қолайлы аймақ болып табылады. Себебі, бұл ауданда жүзі қақтаған кү­містей жарқылдаған кетпен ұстамайтын адам жоққа тән.
Сонымен қатар, мұндағы тұрғындар да осы саланы жіті меңгеріп, адал нан табудың көзін тапқан. Атадан – балаға мұра болған бұл саланы қазіргі уақытта дамыту, бұрынғыдан да мол өнім алу, мол пайда түсіру бойынша көптеген жобалар қолға алынған. Мәселен, Сайрам ауданындағы Арыс ауылдық округінің шаруа қожалықтары жылына екі рет өнім алу әдісіне көшкеніне біршама уақыт болған. Нәтижесі де көңіл қуантарлық. Қазірдің өзінде еккен қызанақ, қияр, сәбіз, жүгері, қырыққабат, сарымсақ, пияз, болгар бұрышы мен картоп көкөністерін егіп қойып, беретін өнім көлемінің артарына сеніп отар.

Мұнда осы әдісті қолға алуға ниетті диқаншылар саны да жыл санап артып келеді. Олар қазіргі таңда қандай өнімдерден жылына екі рет өнім алуға болатынын зерттеп, алдағы уақытта жұмыстарын бастап кетуге ниетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.