САЙРАМ: Ауыр жүк көліктерінің ауылдан тыс жолмен жүруі қарастырылды

САЙРАМ: Ауыр жүк көліктерінің ауылдан тыс жолмен жүруі қарастырылды

20 просмотров

САЙРАМ: Ауыр жүк көліктерінің ауылдан тыс жолмен жүруі қарастырылды

Сайрамдағы көптен келе жатқан «Көксәйек- Ақсу- Шаян- Мыңбұлақ» бағытындағы автомобиль жолы мәселесі бір жөнге келмек. Аталған бағыттағы көліктер ауданға қарасты Қарамұрт, Ақбұлақ, Ақсу секілді ірі елдімекендерін басып өтеді. Халықтың тығыз орналасқан аймағындағы күре жол көптен бері жөндеу көрмей, ел – жұрт біраз қиыншылыққа кезіккен. Ауылдар ішінен өтетін облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тұрғындарға қиындықтар тудырып, түйіткілді мәселеге айналған. Бұл мәселе бойынша Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлы көшпелі мәжіліс кезінде сөз етіп, Ақбұлақ ауылының тұрғындарының пікірін тыңдады. Айта кетейік, аталған ауылдан КХ-3 автомобиль жолы өтеді. Бұл жерден Қарамұртауылдық округінде орналасқан жер қойнауын пайдаланушылар ауыр жүк автокөліктерімен өтеді. Жиынға дербес бөлім басшылары мен аудандық полиция басқармасының басшы құрамы да қатысқан.

Уақытша қолайсыздықтар орталық жолдардағы күрделі жөндеуге қатысты туындаған болатын. Бұл жайында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы екі ай ішінде құрылыс аяқталып, барлығы ретке келетіні айтылған еді. Дегенмен, аудан әкімдігі бұл мәселені естен шығармай, ауыр жүк көліктерінің ауылдан тыс жолмен жүруін қарастырған. Алдағы уақытта, нақты шешім шығарылып, тұрғындардың талаптары ескерілетінін айтып отыр аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.