САЙРАМ: Экономикасының дамуына ерекше серпін беретін өнеркәсіп саласы

САЙРАМ: Экономикасының дамуына ерекше серпін беретін өнеркәсіп саласы

11 просмотров

САЙРАМ: Экономикасының дамуына ерекше серпін беретін өнеркәсіп саласы

Сайрам ауданында 2020 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2019 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр. Өңірлік өнімінің — 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Ауданда өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өскен.

Жыл басынан бері еліміздің әр өңірінде жеткен жетістіктер аз емес. Әр аудан қаңтар мен сәуір айларындағы тындырымды тірліктерін баяндап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ел назарына ұсынуда. Нәтижелері де жаман емес. Қазіргідей қиын кезеңге қарамастан тек өсім көрсетіп отырған аудандар қатарында Сайрам ауданы да бар. Өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда өңірлік өнім көлемі 13 %-ға артқан. Яғни, 37,9 млрд. теңгені құраған. Жалпы өнімінің 49,8 % ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.

Ал, аудан экономикасының дамуына ерекше серпін беретін өнеркәсіп саласында 11,1 млрд. өнім өндірілген. Бұл сала бойынша ауданның облыс көлеміндегі үлесі 6,1 %-ды құрап, үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал, жеке кәсібін дамытып, кәсіпкерлігінің жемісін көргендер 22,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, жыл басынан бері 11,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *