САЙРАМ: Біршама елді мекендердегі мәселелер оң шешімін тауып жатыр.

САЙРАМ: Біршама елді мекендердегі мәселелер оң шешімін тауып жатыр.

22 просмотров

САЙРАМ: Біршама елді мекендердегі мәселелер оң шешімін тауып жатыр.

«Ауыл – ел тірегі» жобасының арқасында Сайрам ауданындағы біршама елді мекендердегі мәселелер оң шешімін тауып жатыр. Мәселен, Жібек Жолы ауылдық округінде өткен онкүндік кезінде аудан әкімі Ұласбек Садибеков тұрғындардың жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдау өткізіп, олардың көтерген мәселелері бойынша арнайы тапсырмалар да берген.

Аудан басшысымен кездесуге мүмкіндік алғандар ішінде зейнеткер Балтабай Қуанышов та бар. Ол Жібек Жолы елді мекенін тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуді және Сиқым елді мекенінен қосымша су көздерін анықтауды сұрады. Аудан әкімі ағымдағы жылдың қаңтар айында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына су қорын бекітіп, су ұңғымасын қазу бойынша ұсыныс айтылғанын жеткізді. Алдағы уақытта бұл мәселелер толықтай шешімін тауып, ауылдық округтегі орын алған мәселелер өз шешімін табарына сенеміз. Бұл қиындықтардың шешілуі үшін аудан әкімі жауапты азаматтар арнайы тапсырма беретінін де жасырмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.