САЙРАМ: Жаз айларында тұрақты ағын сумен қамтамасыз етуін сұрады

САЙРАМ: Жаз айларында тұрақты ағын сумен қамтамасыз етуін сұрады

9 просмотров

САЙРАМ: Жаз айларында тұрақты ағын сумен қамтамасыз етуін сұрады

Сайрам ауданында өтіп жатырған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында бірқатар мәселелер өз шешімін тауып, тұрғындарды қуанышқа бөлеуде. Жібек Жолы ауылдық округінде өткен онкүндіктегі көтерілген тақырыптар сөзіміздің дәлелі десек болады. Аудан әкімі Ұласбек Садиевтің онлайн қабылдауына жазылған азаматтар өздерін және өзге ауыл тұрңғындарын алаңдатқан қиындықтықтар айтылып, шешімін табуға көмек сұраған еді.

Бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу ауыл округінде өзекті мәселесі болып отырған. Көше комитеті төрағасы, жеке кәсіпкер Умирзаков Ирисали Жібек Жолы мен Сиқым елді мекендеріндегі ағын сумен қамтамасыз ететін «Төменгі Аққала» каналының 3 шақырымының бетондалуын және жаз айларында тұрақты сумен қамтамасыз етуін сұраған. Бұған дейін аталған каналдың 7,0 км бөлігі бетондалған болса, тағы 9,6 км бөлігін бетондау үшін облыстық ауыл шаруашылық басқармасына ұсынылған каналдар тізімінде бар екенін айтқан. 2020 жылы каналдың 3 км-і тазаланып, ағымдағы жылы 1,0 бөлігін тазалау жоспарланған көрінеді. Осы жылы ағын су көлемі жоспарға сәйкес болса суды лимитке сай тұрақты түрде беруді ұйымдастыру қарастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *