САЙРАМ: Апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты

САЙРАМ: Апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты

36 просмотров

САЙРАМ: Апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты

Түркістан облысының Сайрам ауданында апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты. 2020 жылы ауданда 1,7 млрд теңгеге 7 білім беру нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 300 орындық 3 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға тапсырылды.
Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан «Бөкейхан» жалпы орта мектебінде қосымша мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Бұл жайында «Ауыл- ел тірегі» жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округінде өткен онкүндік кезінде айтылған. Аталған мәселені Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Якубов Абдимутал Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Садиевтің онлайн қабылдауында қозғап, тиісті жауабын алды.

Аудан әкімі мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, шеберхана, спорт зал, акт залы құрылысының жоба сметалық құжаттамасы әзірленгенін жеткізді. Жоба аудандық құрылыс бөлімі тарапынан, Түркістан облысының құрылыс басқармасына аудан әкімдігінің қаулысымен өткізілген. Жобалаушы мекеме – «Строй – проект – инвентаризация» ЖШС болып бекітілген. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама қорытындысының дайындалып жатқанын айта кетейік.

Ұласбек Садиев онлайн кездесу кезінде тағы да бірнеше азаматтың мәселелерін тыңдап, олардың алдағы уақытта шешілетінін және жауапты органдарға тапсырма берілетіндігін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *