САЙРАМ: Автошеру еліміздегі көпшіліктің таңдайын қақтырып, елді елең еткізді

САЙРАМ: Автошеру еліміздегі көпшіліктің таңдайын қақтырып, елді елең еткізді

7 просмотров

САЙРАМ: Автошеру еліміздегі көпшіліктің таңдайын қақтырып, елді елең еткізді

Сансыз баптардың мекені атанған Сайрам халқы тығыз қоныстанған аудандардың бірі саналады. Ресми мәлімет бойынша бүгінде ауданда 300 мыңнан астам жан бар. Сайрамның халқы еңбекқорлығымен, жаңалықты жатырқамай қабылдайтын жаңашылдығымен, бейімділігімен танылған.
Ұлттық Рәміздер елдің егемендігінің, тәуелсіздігінің символындай. Сол себепті, елімізде  белгіленген мерекенің орыны ерекше.  Аталған мереке күніне орай Сайрам ауданында ұйымдастырылған автошеру еліміздегі көпшіліктің таңдайын қақтырып, елді елең еткізген. Көк туды көкке желбіреткен ауданның белсенді жастары патриоттық сезімнің артып, намысы мен ары жоғары ұрпақтың өсіп келе жатқанын дәлелдегендей. Халық көп шоғырланатын орыннан бастау алған шеру ауданымыздағы Машат асуына дейін барып, Ұлттық Рәміздеріміздің абыройының асқақтауына өз үлсетерін қосқан дсеск болатындай.

Талайды таңдандырып, мақтаныш сезімін тудырған бұл шараға 50 – ге жуық жас ат салысқан. Олар көк байрағымызды көкке көтерумен қоса, жастарға рух сыйлайтын айбынды әндерді де қосыла шырқаған. Өздерінің елге деген сүйіспеншілігін дәлелдеумен қатар, өзге жастарға да үлгі бола білген белсенділерге ауданымыздың аға буын өкілдері де алғысын айтып, жаңа бастамалар күтетінін де жасырмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *