САЙРАМ: Балалардың денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды

САЙРАМ: Балалардың денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды

5 просмотров

САЙРАМ: Балалардың денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды

Жыл сайын оқу аяқталып, жазғы демалыс уақыты басталады. Үш айда балаларға толық әрекет ету үшін еркіндік беріледі. Сонымен қатар, бала мен оның әдеттегі ортасы: мұғалімдер және (ең бастысы) достары, сыныптастары ылғи да қарым-қатынаста болуы керек. Жазғы демалысты асыға күткен балалар үшін қауіпсіз, санитарлық талаптарға толықтай сай сауықтыру лагерьлерін ұйымдастыру басты назарда. Әлемді алаңдатқан пандемия кесірінен туындаған қиындықтарға қарамастан мектеп оқушыларына жайлы жазғы демалыс өткізуге мүмкіндіктер жасалуда. Бұл үрдіс Сайрам ауданында да жалғасып жатыр. Ауданда құрылған мобильді топ мүшелері мен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е. Түктібайдың қатысуымен Арыс ауылында орналасқан «Болашақ» жазғы балаларды сауықтыру лагерінде тексеріс жұмыстары өткізіліп, ондағы оқылықтар толықтай реттелген. Шаралар барысында лагерьдегі асхана, жатын бөлмелер, мадициналық пункті, шомылу бассейні, спорттық алаңшалар толықтай қызмет жасауға дайын деп танылған.

Мұнда қызметке де іріктеуден өткен, жұмыс істеуге рұқсаты бар, КВИ-ге қарсы екпе ектірген азаматтар ғана қабылданған. Топ мүшелері қызметін бастауға әзір отырған лагерь қызметкерлеріне карантин режимдерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, балалардың денсаулығына бей-жай қарамауға шақырып та үлгерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *