САЙРАМ: Көпбалалы аналарды марапаттап, алғыс білдірілді

САЙРАМ: Көпбалалы аналарды марапаттап, алғыс білдірілді

6 просмотров

САЙРАМ: Көпбалалы аналарды марапаттап, алғыс білдірілді

Ана – өмірдің шуағы. Дүниеге сәби әкеліп, елдің демографиясына үлес қосып, көпбалалы ана атанған аналар қай құрметке болмасын лайық. Елдің түрлі салаларында тер төгетін келешек азаматтарды тәрбиелеп отырған аналар қай кезде болмасын құрмет төрінен түскен емес.
Әйел – әлемнің анасы. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналарымызды құрметтеу баршамыздың міндетіміз. Жуырда ғана Сайрам ауданында өткен көпбалалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградалымен марапаттау кезінде де бұл әңгіме қозғалып, ауданның алтын құрсақты аналарына алғыс білдірілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Убайдуллаев Шухратулла төрағалық етіп, шараға қатысушыларды марапатымен құттықтады.

Бүгінгі таңда Сайрам ауданында 179 батыр ана, 973 «Алтын алқа» иегерлері, 2849 «Күміс алқа» иегерлері тіркеліп, 478 әйел 1-2 дәрежнлі Ана Даңқы орденін иемденген. Ауданымызда 7 ауылдық округі бойынша жалпы 12 анаға мемлекеттік наградалар  тапсырылған. Олардың алтауы Манкент, үшеуі Көлкент, екі анадан Ақсукент және Ақбұлақ ауылдық округтерінде болса, Арыс, Қарабұлақ пен Қайнарбұлақ ауылдық округтерінде бір анадан тіркелген. Айта кетейік, биылғы жылы алтын алқа иегерлерінің ең жасы 1937 жылы дүниеге келген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *