САЙРАМ: Сахна төрін екінші үйіне айналдырған саңлақтар

САЙРАМ: Сахна төрін екінші үйіне айналдырған саңлақтар

23 просмотров

САЙРАМ: Сахна төрін екінші үйіне айналдырған саңлақтар

Өнерді өміріне айналдырған өнерпаздар үшін халықтың қолдауынан, елдің мойындауынан асқан бақыт жоғы белгілі. Көрермен алдында көсіле өнерін көрсетіп жүрген мәдениет саласының саңлақтарына 2006 жылдың 15 желтоқсанында «Мәдениет туралы» Заңның 7-бабы 28-тармақшасына сәйкес қабылданған көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атақтарын беру үлкен абырой. Маусым айының 3-4 жұлдыздарында өткен Түркістан облысына қарасты 24 көркемөнерпаздар ұжымына аттестациялық комиссияға өз өнерін көрсетіп, сынға түскен.

Саялы Сайрамнан 4 өнер ұжымы бақ сынаған. Ақсу әуендері эстрадалық ансамблінің ұжымы және Саз мектебінің би ұжымы өнер көрсетіп, екі ұжым да аталған атақты қанжығасына байлады. Ауданымыз үшін аянбай тер төгіп жүрген өнерпаздар үшін бұл үлкен мәртебе. Ұжым мүшелерінің бүгінге дейін атқарған өлшеусіз жұмыстарының лайықты мадағы деуге әбден лайық. Сахна төрін екінші үйіне айналдырған саңлақтарға шығармашылық табыс, зор денсаулық пен жаңа белестерді бағындыруларын тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.