САЙРАМ: Ауыл шаруашылық саласында түрлі тың идеялар қолға алынып жатыр

САЙРАМ: Ауыл шаруашылық саласында түрлі тың идеялар қолға алынып жатыр

19 просмотров

САЙРАМ: Ауыл шаруашылық саласында түрлі тың идеялар қолға алынып жатыр

Биыл жалпы егіс көлемі 52 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде 17 мың га күздік бидай, 4 мың га арпа, 5 мың га-ға жуық жерге көкөніс, 3 мың га-ға картоп егілді. Бүгінгі күнге дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары басталған, орташа түсім гектарынан 12 центнерді  құрады.  Сайрам ауданы ауыл шаруашылық саласында жаңа жобалар мен заманауи технологияларды пайдалану арқасында облыстағы ғана емес, ел көлеміндегі алдыңғы қатарлы аудандар қатарында болуды көздеп отыр. Өткен жылғы пандемия салдарынан орнаған қиындықтарға қарамастан шаруалардың кәсібіне кедергі келмеген. Ал, биылғы жылы 2020 жылдың қорытындысын да басып озуға мүмкіндік бар. Сол себепті, ауыл шаруашылық саласында түрлі тың идеялар қолға алынып, жоспар бойынша ауқымды шаралар жасалынып жатыр.

Бүгінгі күннің өзінде картоп өнімін жинау жұмыстары басталып кеткен. Жалпы ауданда 3100 гектар жерге картоп егілген көрінеді. Сондай-ақ, 2021 жылы ауданда 591 мың тонна мал азығын дайындау жоспарға алынған. Оның 155 мың тоннасы жоңышқа болса, 370 мыңы шөп, ал 45 мың тоннасы сабан мен 21 мың тонна сенаж өндірілмек. Мал шаруашылығын өз кәсібіне айналдырған аудан шаруалары үшін ішкі өнімді алу өз пайдасын тигізеді деп күтіліп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.