САЙРАМ: Ескірген трансформаторлар тағы да жаңаланады

САЙРАМ: Ескірген трансформаторлар тағы да жаңаланады

8 просмотров

САЙРАМ: Ескірген трансформаторлар тағы да жаңаланады

Сайрам ауданында тұрғындардың талап-тілектеріне орай елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, осы саладағы проблемаларды оңтайлы шешу жұмыстары жүргізілуде.  Еліміздің көптеген өңірлерінде жарық мәселесі үнемі үлкен қиындықтар әкеліп отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе, үлкен шаһарлардан, облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан ауылдарда бұл шешімін табу қиын түйінге айналған. Дегенмен, бұл кемшіліктерді жою үшін қолға алынып жатырған жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, Түркістан облысындағы Сайрам ауданында орналасқан Ақсукент 2 ауылын үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында тозығы жеткен электр трансформаторлары ауыстырылған. Бұл жарықсыз жан бағып жүрген ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық екені сөзсіз.

Айта кетейік, Ақсукент ауылындағы Балуан Шолақ көшесі бойында қуаттылығы 630 кВт және Сұраншы батыр көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйге арнап орнатылған қуаттылығы 250 кВтты құрайтын электр трансформаторлары іске қосылған. Бұл Сайрам ауданындағы аталмыш мәселені шешу үшін жасалынып жатырған жұмыстардың соңы емес. Алда ескірген трансформаторлар тағы да жаңаланады деп отыр аудан басшылығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.