САЙРАМ: Ауыз су мәселесін шешуде жағымды жаңалықтар көп

САЙРАМ: Ауыз су мәселесін шешуде жағымды жаңалықтар көп

24 просмотров

САЙРАМ: Ауыз су мәселесін шешуде жағымды жаңалықтар көп

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы жаңа құрылыс аумағындағы үйлерге ауыз су тартыла бастады. Жалпы өңірдегі елді мекендер дерлік орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Алайда ауданда халық көп болғандықтан жылда жаңа үйлер салынып, елді мекендер кеңейіп келеді. Оларға ауыз судан бөлек жарық, газ және жол қажет.
Тұрғындарға жайлы жағдай жасау әрбір басшының басты міндеті болуы тиіс. Ол үшін алдымен өзі басқарып отырған өлкенің шешімі табылмаған түйіндерін шешудің жолын іздеп, туындаған мәселелерге жылдам, әрі нақты шешім шығара білуі қажет. «Су – тіршілік көзі» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Елімізде бүгінгі күнге дейін шалғай өңірлерде ауыз судың азабын тартып отырған тұрғындар да бар. Оны жоққа шығара алмаймыз.

Қазіргі уақытта бұл қиындықтың да шешімін табу жолдары қарастырылып, түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Мәселен, Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Манкент ауылдық округінде ауыз су мәселесін шешуде жағымды жаңалықтар көп. Елді мекендегі Әбдіқадыров және Ибн Сина көшелеріндегі тұрғындады сумен қамтамасыз ету үшін сұ ұңғымасын қазу жұмыстары аяқталған. Ұңғыма тереңдігі 120 метрді құрайды. Бүгінгі таңда су ұңғымасында шегендеу құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада жоғарыда аталған көше тұрғындары үздіксіз ауыз сумен толықтай қамтылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.