САЙРАМ: Онға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер

САЙРАМ: Онға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер

15 просмотров

САЙРАМ: Онға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер

Өзіміздің өнімге деген сұраныс та күн санап артып келеді. Жергілікті тұтынушылар өз кезегінде Қазақстанда жасалған тауарлардың шетелдік өнімдерден бір мысқал да кем түспейтініне көзі жете бастаған. Сайрам ауданында да өз кәсібін дөңгелетіп, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған мекемелер күн санап артып келеді. Үкімет ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана отырып ашқан бизнестері арқасында өзгенің қол астында емес, өзі басшылық етіп нанын тауып жүрген іскер азаматтар бұл. Ашылғанына бар жоғы бес айдан асқан Қарабұлақ ауылының темір өңдеу цехі де осы қатарда. Алғашқыда барлығын қолмен жасаған  азаматтар бүгінгі күні жұмысты арнайы құрылғылар арқылы өңдеп жатыр. Жастығына қарамастан қолынан келген ісін кәсіпке айналдырған Шавкат Шамуратов онға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып, отыздан аса бұйым түрін өндіріп отырғанын айтады.

Қажетті құрылғылар мен матералдар Қытайдан арнайы тапсырыспен алынған. Жас кәсіпкер өз бұйымдары аудан тұрғындарының ішінде үлкен сұранысқа ие екенін айтып, оларға сапалы тауар жеткізу үшін барларын салып жатқанын жеткізді.  Алдағы уақытта бизнес кеңістігін кеңейтіп, жаңа станоктар алдыруды жоспарлап отырғанын да жасырмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.