САЙРАМ: Саусақ бірікпей, ине ілікпейді 

САЙРАМ: Саусақ бірікпей, ине ілікпейді 

14 просмотров

САЙРАМ: Саусақ бірікпей, ине ілікпейді 
Ауыл, округ бойынша карантин режимін насихаттау шаралары жүргізілді. Аудан басшысы Ұлабек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылындағы дәмханалар мен мал базарын, сонымен қатар, адам көп шоғырланатын жерлерді  аралап, өз көздерімен көріп сатушыларға бірқатар ескертулер жасалып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныс жолданды.
Сондай ақ, аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған Қарабулақ ауылындағы «Жаңа мал базар» карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкер Хасанов Уткиржан Нематжановичке ҚРӘҚБтКодекстің 425 бап 1 бөлігімен айып пұл салынды.
Аудан тұрғындары саусақ бірікпей, ине ілікпейді вирусты өмірімізден біржолата алыстату үшін қатаң тәртіпке бағынғанымыз абзал.
Карантин талаптарын сақтаудың ең қарапайым ережесі — арақашықтықты және маскалық режимді сақтау. Ел саулығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.