САЙРАМ: Екпе салдырушылардың қатары артып келеді

САЙРАМ: Екпе салдырушылардың қатары артып келеді

23 просмотров

САЙРАМ: Екпе салдырушылардың қатары артып келеді
Сайрам ауданында 7 екпе егу пункті бар. Жалпы 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Жұмыс тобында дәрігер, вакцинатор, тіркеуші бар. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін ауданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген.
Соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде денсаулықтың басты байлық екенін жете түсіне бастадық.
Бұдан бөлек,ауданда екпе құтыларын сактауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға жане тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.
Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1- компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр. Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.
Жалған вакцина салу бойынша жәйіттер тіркелмеген. Яғни вакцина салатын кабинеттерде камералар орнатылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.