САЙРАМ: Бірлік бар жерде тірлік бар

САЙРАМ: Бірлік бар жерде тірлік бар

6 просмотров

САЙРАМ: Бірлік бар жерде тірлік бар
Берекелі ауылда тағы да қуаныш. Мирза Баба көшесі Қарабұлақтағы орталық, маңызы жоғары болған көшелердің көшбасында. Кеңес Одағы кезінде төселген асфальттың әбден тозығы жетіп, көлік түгілі адам жүруге қиналатын. Ауылдың бестен бір бөлігі тұратын бұл ауданға тегіс көше керек еді.
Осыны ескерген басшылық 2021жылдың бюджетіне осы көшені орташа жөндеуден өткізуді қосқан болатын.
Міне сол жұмыстар басталып та кетті. Аудан бюджеті есебінен жөнделіп жатқан көшеге асфальт төсеуден бөлек ескі жарық шамдар заманауи жарытқыштарға ауыстырылды. Бірер жыл бұрын көшеге әдемілеп жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Ал енді асфальт төселіп өркениеттің көленкесін көріп отыр. Бұйыртса бір-екі күнде жолға толықтай асфальт төселетін болады.
Осы орайда көше тұрғындарының ұйымшылдығын атап өткен жөн. Барлығы қолына күрек алып, жол салып жатқандарға көмектесіп жатыр, тағы біреулер суын әкеліп жатса, басқасы тамағын беріп жатыр. Бірлік бар жерде тірлік бар деген мақал осы көшеге сай келіп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.