САЙРАМ: Мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату

САЙРАМ: Мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату

6 просмотров

САЙРАМ: Мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары С. Ботабеков қатысты.
Аурушаңдық деңгейінің күрт өсуінің басты себептерінің бірі симптомсыз, клиникалық белгілері жоқ науқастардың үй жағдайында қалуы болып тұр. Бұл науқастармен үй ошақтарында тығыз қарым-қатынаста болғандардың арасында топтық ауру жұқтыру жағдайлары тіркелуде. Өздеріңіз білетіндей, ауданамызда отбасындағы азаматтар саны кемі 5-6 адамнан тұрады, осыған орай, ауруды жұқтыру деңгейі де жоғары болып отыр,- деді өз баяндамасында аудандық СЭС басшысы Е.Түктібай.
Мобильді топтың жұмысы ауылдардағы той мәселесі, отбасылық іс-шаралар осы мәселелерді қолға алып, тиісті жұмыс жүргізу. Ал біз жүрміз той тойлап. Қазіргі ахуал күрделі. Бірінші кезекте мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату, болдырмау осыны қадағалау керек, тоқтам болмаса маған ренжімеңіздер,- деді аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.