САЙРАМ: Лагерде балалар 4 ауысымда демалуда

САЙРАМ: Лагерде балалар 4 ауысымда демалуда

22 просмотров

САЙРАМ: Лагерде балалар 4 ауысымда демалуда
Жаз мезгілі – оқушылар үшін демалысқа шығып, ойын шыңдап, шығармашылық қабілетін, түйсігін дамытып, денсаулығын нығайтатын кезең. Сондықтан оқу жылы аяқталысымен, әрбір ата-ананы баласының қайда және қалай демалатыны толғандырады. Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «Оқушылар үйі» МКҚК-ны балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бөлімі мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын дұрыс ұйымдастыру жұмыс барысымен аудан әкімінің орынбасары Аңсар Жаңабайұлы танысып карантиндік режим орындалуын бақылады.
Маусым айы мен шілде айының аралығында лагерде тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жалпы 1000 бала COVID-19 короновирусына арналған ПТР диагностикасын тегін тапсырып, 4 ауысымда демалуда.
1800 баланы, оның ішінде 1711 тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ақылы ата-ана төлем ақысынан 99 баланы 6 ауысымда демалдыру жоспарланған. Сондықтан да баланың жыл сайынғы жазғы демалыс уақыты сапалы әрі тиімді өтуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.