САЙРАМ: Білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын аттестациялау

САЙРАМ: Білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын аттестациялау

75 просмотров

САЙРАМ: Білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын аттестациялау

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығы және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы негізінде Сайрам ауданы бойынша Комиссия отырысы болып өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы негізінде білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары өтініш берген біліктілік санаттары бойынша 83 аттестатталушылардың ұсынылған құжаттары қаралып, 81-і аттестатталды, ал 2-орынбасардың 2016 жылғы 27 қантардағы №83 бұйрықтың 80 тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, ІІІ-ші біліктілік санатына аттестатталмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.