САЙРАМ: Мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді

САЙРАМ: Мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді

62 просмотров

САЙРАМ: Мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді

Аймағымызды, қала берді елімізді азық түлікпен қамтуда Сайрам ауданының үлесі мол. Мұнда халыққа қажет ауыл – шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Оның қатарында ерте пісетін көкөністермен қатар ет өнімдерінің де үлесі мол.

Сайрам ауданындағы  мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі – Манкент ауылындағы «Абдулазиз» шаруа қожалығы.   Өз кезегінде бұл  шаруашылық та ауданның ет экспортына қомақты үлес қосып келеді. Қожалық бұрынғы шағын бордақылау алаңын кеңейтіп, бүгінде  400- ге жуық ірі қараны бордақылауда.

Шаруашылықта  өндірілген ет өнімдері негізінен, Нұрсұлтан мен Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына  саудалануда.  Бүгінгі күні мұнда 4 адам жұмыспен қамтылып,  тұрақты жұмыс істейді.

Қожалық иелері  биыл бордақыланатын мал басын тағы да арттыруды көздеп отыр. Ол үшін жаңа технологиялар ендірудің  аса қажеті жоқ. Тек малдың табиғи түрде азықтануын  қамтамасыз етіп, соған баса назар аудару керек дейді. Ал ондай қарапайым әдіс мұнда бар.

Шаруалар осындай қарапайым әдіспен –ақ   мал басын  көбейтіп,  экспортқа шығатын ет өнімін де еселемек.  Ал ондай кезде жұмысшылар саны да артары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.