САЙРАМ: Мәселенің оң шешілуіне нақты тапсырмалар берілді

САЙРАМ: Мәселенің оң шешілуіне нақты тапсырмалар берілді

29 просмотров

САЙРАМ: Мәселенің оң шешілуіне нақты тапсырмалар берілді
Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан көлеміндегі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков төрағалық еткен жиынға Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасынан, Түркістан облысы бойынша экология департаментінен және «ОнтүстікҚазЖерҚойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан облыстық филиалының өкілдері және Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қазіргі таңда, бірқатар заңды және заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың тоқтаусыз қазба жұмыстары салдарынан қоршаған ортаға келтірген зиянынан бөлек, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс және әлеуметтік салаларына қарасты стартегиялық маңызы бар объектілерге де келетін қауіптің алдын-алу аса өзекті.
Осыған байланысты, Ақсу өзенінің бойында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың лецензиясын кері қайтару немесе басқа жаққа ауыстыру бойынша тиісті басқармаларға сұраныс хаттар жолданылған.
Атап айтсақ, бір ғана Ақсу өзенінің бойында стратегиялық маңызы бар 6 нысан орналасқан. Ал осы өзен бойында 4 карьер жұмысын жалғастыруда.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Үсіпбеков және жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев баяндама жасады.
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бөлім басшыларына хаттама негізінде нақты тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалауды орынбасары Ш.Убайдуллаевқа тапсырды. Сонымен бірге, жиынға қатысушыларды мәселенің оң шешілуіне өз құзіреті шегінде атсалысуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.