САЙРАМ: Білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі

САЙРАМ: Білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі

6 просмотров

САЙРАМ: Білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі

Сайрам ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы бүгінде  тұрақты дамуда. Еліміздегі пандемиялық ахуалға қарамай, аудандағы барлық салаларда айтарлықтай өсім мен жетістіктерге жетуіміз – аудан тұрғындарының  ынтымақшыл, еңбексүйгіштігінің жемісі.

2017 жылы өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында қызметтік тұрғын үй салу қолға алынған болатын. Облыс басшысының тапсырмасымен Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекенінде де сол жылы құрылысы басталған-ды.

Екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталуға жақын қалған құрылысын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков көріп қайтты. «NK Building» ЖШС мердігер мекемесі нысанды жоспарға орай биыл тапсыруы тиіс.
Бұл білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі болмақ.
Еске сала кетейік, Сайрам ауданында тұрғын үйге кезегіне тіркелген азаматтардың жалпы саны – 1934 болса, оның 330-ы мемлекеттік және әскери қызметтегі азаматтар болып табылады.
Жалпы,  ауданның  даму бағдарламасына сәйкес, 58 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу индикаторы жоспарланса, жыл басынан 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, жылдық жоспар 74%-ға орындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *