САЙРАМ: Шектеулі серіктестіктерді аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі

САЙРАМ: Шектеулі серіктестіктерді аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі

17 просмотров

САЙРАМ: Шектеулі серіктестіктерді аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар нысандарды аралады. Қайнарбұлақ ауылдық округі, Құрлық елді мекеніндегі егіншілікті кәсіп еткен «МАЛИКЕ» шаруа қожалығы алғаш өнімін жақында ғана экспортқа шығарған. Шаруа қожалығының басшылығы 3 гектар жерге өткен жылдың соңында түркиялық агрономдармен бірігіп, бірінші рет қияр еккен. Бүгінде 600 тоннаны құрайтын өнімін жинап үлгерген жылыжайдан жылына екі рет өнім алуды көздейді. Сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін «Айкан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктін аралап, жұмыстарына сәттілік тілеп, осы қарқыннан таймауын тіледі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Түркістан облысының аудандарында болып, кездесулер өткізуде. Жергілікті тұрғындардың жай-күйіне қанығып, өзекті мәселелерге қатысты ұсыныс – пікірлерін қаперге алуда.
Сенаторлар Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының VII шақырылымнан бергі жұмысының нәтижелері туралы Түркістан облысы аудандарының тұрғындарымен кездесуінде айтып берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *