САЙРАМ: Республикалық штабтық оқу жаттығулары өтті

САЙРАМ: Республикалық штабтық оқу жаттығулары өтті

4 просмотров

САЙРАМ: Республикалық штабтық оқу жаттығулары өтті

Биыл 2021 жыл- Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айғақтайтын маңызды белес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп осыған дейінгі үш онжылдықты бір шолып, төртінші онжылдықта неге тәуекел еткелі отырғанымызды дүйім жұртқа жария етті.

Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

Сондай-ақ, Сайрам ауданының Көлкент ауылындағы 65 Ә. Мұзрапов жалпы орта мектебінде «Қорғау-2021» республикалық штабтық оқу жаттығулары өтті. Мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың, арнайы мекемедегі оқушылардың, қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау. Ауылдық округі әкім аппаратының мамандарынан құралған топ тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Олар арнайы техникалармен қамтылып, азаматтық қорғаудың авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдары нақтыланды. Оқу жаттығу кезінде зардап шеккен халықты көшіру, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету шаралары пысықталды. 65 Ә. Мұзрапов мектебіндегі эвакуация пунктінің дайындығы тексерілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *