САЙРАМ: Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы брифинг

САЙРАМ: Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы брифинг

12 просмотров

САЙРАМ: Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы  брифинг
Сайрам ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы  брифингте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Үсіпбеков Әбдібек Зиятайұлы және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиал директоры Сыздықов Бауыржан Арыстанбекұлы мәлім етті.
Биылғы бес ай ішінде аудан көлемінде 23 карьер кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 1 карьер уақытша тоқтап тұр, 2 карьердің келісім-шарттары кері қайтарылған, 20 карьер жұмыс істеп тұр. Ауданда заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2021 жылдың 4-ші маусымдағы №34 өкімімен жұмысшы топ құрылған. Ақсу өзенінің бойындағы стратегиялық маңызы бар объектілерінің саны-6 бірлік. Жұмысшы топ Ақсу өзенінің бойында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өзен бойынан басқа жерге ауыстыруға ұсыныстар берген. Сонымен қатар жұмысшы топ   құм-тас тасымалдаушы ауыр жүк көліктеріне қатысты 183 хаттама толтырып, 2669,9 мың теңге айыппұл салды. Бұл соманың 50%-ы, яғни 1334,9 мың теңгесі аудан бюджетіне өндірілді, -деп баяндады Әбдібек Зиятайұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *