САЙРАМ: Кәсіпкерлердің ASHYQ бағдарламасының игеруі және вакцина қабылдау жұмыстары

САЙРАМ: Кәсіпкерлердің ASHYQ бағдарламасының игеруі және вакцина қабылдау жұмыстары

19 просмотров

САЙРАМ: Кәсіпкерлердің ASHYQ бағдарламасының игеруі және вакцина қабылдау жұмыстары

Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның басшылығында бірінші мобильді топ мүшелері Қарабұлақ ауылдық округінде карантин режимі талаптарының сақталуы, кәсіпкерлердің ASHYQ бағдарламасының игеруіне және вакцина қабылдау жұмыстары бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 3 маусымындағы №25 қаулысына сәйкес ASHYQ бағдарламасына тіркелуге өтініш берген нысандар саңы- 64, кәзіргі таңда — 56 нысан QR алып жұмыс істеуде, 8 – нысан бойынша тиісті QR кодтары күтілуде. Түркістан облысы бойынша 5 нысан ASHYQ бағдарламасына қатысушы Лидер атағының иегері болған, оның ішінде 2 нысан Сайрам ауданында орналасқан, ол Даймонд және Рандеву Сити демалыс орындары. Естеріңізге сала кетейік, Ashyq мобильді қосымшасы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін әзірленген. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусы анықталады. Сонымен қатар, қосымша бизнес нысандарына қатаң карантиндік жағдайда да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *