САЙРАМ: Ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген

САЙРАМ: Ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген

16 просмотров

САЙРАМ: Ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы Көлкент, Қайнарбұлақ, Құтарыс, Арыс, Қарабұлақ ауылдық округ әкімдерін қабылдады.
Аудан басшысы ауыл әкімдерінің мәліметтерінің бірқатары негізсіз екеніне тоқталды.
Жүйелі жұмыстың аздығын алға тартып, ескертпелерден қорытынды шығаруды тапсырды.
Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген. Картаға елді мекендердегі инфрақұрылымның жағдайы, газ және жарықпен, ауыз сумен қамтылу деңгейі, қоғамдық қызмет көрсету орталықтары және кәсіпкерлік нысандары, ауылдықтарды жұмыспен қамту барысы, жаңадан ашылған орындар туралы мәліметтер енгізілген.
Аудандық ішкі саясат бөлімі әзірлеген әлеуметтік ахуал картасындағу өзекті мәселелерге аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мади Абайұлына мерзім қойып,  орындалуын қадағалауды жүктеді.

Аудандағы 42 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,6 млн теңге бөлініп, су ұңғымасы қазылған, жыл соңында жұмыстар аяқталады.

Аудандағы елді-мекендердің 62%-ында, яғни 26 елді мекенде табиғи газ бар. Республикалық және облыстық бюджеттен қаралатын қаржыға 2024 жылға барлық елді мекендер 100% табиғи газбен қамтылады деп нақты жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *