САЙРАМ: Фракция мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды

САЙРАМ: Фракция мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды

13 просмотров

САЙРАМ: Фракция мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өткізілді. Фракция жетекшісі Алмас Әбдрахманұлы ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Фракция отырысы аудандық мәслихат хатшысы Ш.Халмұрадов және бірқатар бөлім басшылары қатысты.
Аудандық мәслихатта партияның фракциясы құрылып, жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері фракцияның 5 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап әрбір депутаттың филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі, оған қоса аудандық мәслихат тарапынан депутаттардың ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау кестесі бекітіліп, қабылдаулар мен аудан тұрғындарымен кездесулер тұрақты өткізілуде.
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қаңтар-маусым айларында 594 арыз-шағымдар түсті, оның 378 – оң шешімін тауып, 216 заң аясында кеңестер берілген. Соның ішінде фракция мүшелері 105 қабылдау жүргізіліп, 414 азаматтардың мәселесін қараған. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 245 (59%) азаматтың өтініші оңтайлы шешілсе, 169 (39%)азаматқа заң аясында кеңес берілген.
Айта кету керек аудан тұрғындарымен кері байланысты күшейту мен елді мекендерді көкейкесті мәселерді шешуде аудандық филиал төрағасы Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл-ел тірегі» он күндік іс-шарасы нақты нәтижесін беруде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан игі іс бүгінгі күнге дейін 7 ауыл округінде өткізіліп, дербес бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен фракция мүшелері көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүргізіп, 297 азаматтардың өтініштерін қарады.
Жыл басынан бері аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мен аудан тұрғындарының өтініштерін оң шешу мақсатында 63 депутаттық сауал жолдап, оның 25-і нақты орындалса, қалған сауалдардың орындалуы тұрақты бақылауда.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасысындағы 127 іс-шараның 33-і орындалған, жыл соңына дейін 82-і орындалу үстінде, 12-і іс-шараның қаржыландыру мәселесі шешілуде. Фракция отырысында жол картасындағы орындалмай қалу қаупі бар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты дербес бөлім басшылары мен фракция мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды.
Фракция отырысының қорытындысы бойынша фракция жұмысын жандандыру мен партия беделін көтеру мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *