САЙРАМ: Қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

САЙРАМ: Қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

15 просмотров

САЙРАМ: Қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты
Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында бокстан 1/8 финалдық кездесуде франциялық тәжірибелі спортшы Билал Беннаманы 5:0 есебімен жеңіп ширек финалына шықты.
Мырзағали Айтжановтың шәкірті енді ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен жұдырықтасатын болады.

«Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласым өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз – 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап, жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым.

Сондай-ақ, олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым.

Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз, – деді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.