САЙРАМ: Жүзеге асып жатқан 10 күндік іс-шара

САЙРАМ: Жүзеге асып жатқан 10 күндік іс-шара

9 просмотров

САЙРАМ: Жүзеге асып жатқан 10 күндік іс-шара

Аудан көлемінде 1 276 шақырым автокөлік жолдары бар (22 шқ- республикалық, 162,1 шқ- облыстық, 140,5 шқ- аудандық маңызы бар, 951,7 шқ- ішкі шаруашылық автомобиль жолдары),оның 55,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында барлығы 306,5 млн.теңгеге  23 шақырым 18  көше орташа жөндеуден өтуде.

Ерекше тоқталатын нысан,соңғы 40 жылда жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолына биыл орташа жөндеу жүргізілуде (құны 845,0 млн.теңге), Облыс әкімінің тікелей қолдауымен жөнделген  жол жыл соңында толық пайдалануға берілмек.

Аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Уласбек Садибековтың бастамасымен жүзеге асып жатқан 10 күндік іс-шара Көлкент ауыл округінде жалғасты. 10 күн ішінде біршама қордаланған мәселелер қолға алынып, тындырымды тірліктер жасалды. Шара барсында аудандық филиадың Саяси кеңес Бюросының мүшесі, партия ардагері “Теміртас” ЖШС-ның директоры Батырбек Зиятаевтың демеушілігімен Көлкент ауылдық округіндегі Пахтазаровтар көшесіне жөндеу жұмыстары асар жолымен жүргізіліп, бүгін аяқталды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары аудан басшысымен демеушілік жасаған азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.