САЙРАМ: Жаңадан жаңбырлатып суғару әдісі қолдау табуда

САЙРАМ: Жаңадан жаңбырлатып суғару әдісі қолдау табуда

38 просмотров

САЙРАМ: Жаңадан жаңбырлатып суғару әдісі қолдау табуда
Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы сауынды түйе шаруашылығы 2003 жылы бері айналысып келеді. Басшысы Мұсатафаев Әбілқасым. Шаруашылықта 32 түйе бар. Жылына 50 тоннада аса түйе сүтін өндіреді. Жер көлемі 20 га.
Аталған шаруашылық басшысы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен ағымдағы жылы Қазығұрт ауданында өткен іс-тәжірбие алмасу семинарына қатысып, Сайрам ауданы Шөкеев Өмірзақ Естайұлының жаңадан жаңбырлатып суғару әдісін ендіруде қолдау табуда. «Бұл әдістің ерекшілегі суға деген тапшылықтың болдырмауы және уақытылы егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуде» — дейді шаруашылық басшысы Әбілқасым Мұсатафаев. Егерде жаңбырлатып суғару әдісін қолдануға қызығушылық танытқан шаруашылықтар болса, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарынан кеңес (консултатция) алуға болады.
Биыл жалпы егіс көлемі 52 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде  17 мың га күздік бидай, 4 мың га арпа, 5 мың га-ға жуық жерге көкөніс, 3 мың га-ға картоп егілді. Бүгінгі күнге дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары басталған, орташа түсім гектарынан 12 центнерді  құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.