САЙРАМ: Арақашықтық пен қатаң маскалық режимді сақтауымыз керек

САЙРАМ: Арақашықтық пен қатаң маскалық режимді сақтауымыз керек

25 просмотров

САЙРАМ: Арақашықтық пен қатаң маскалық режимді сақтауымыз керек

Аудан бойынша «COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау І компонент-51820 адамға жүргізілді. ІІ компонент 31133 адам вакцинациядан өтті. Ауданда 10 егу пункттері ұйымдастырылған, қосымша 2 пункт қосылды. Дегенмен, тұрғындар арасында той, жиындарға бару толастамай тұр. Жасырғанның жарасы асқынады демекші, өз бетінше үйде емделу, денсаулығына немқұрайлы қарау қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын мобильді топтар үздіксіз түсіндірумен келеді. Оған құлақ аспай, өз бетінше әрекеттенетіндер аз емес. Мысалы, Құтарыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде өткен аптаның сенбі күні той өтіп, 11 адам ауруханадан бір-ақ шықты.Олармен тағы бірнеше ондаған адам қатынаста болған. Қазір осы адамдар карантинге жабылды. Кім ұтты? Кім зардап шекті? Біле тұра, өзімізге қауіп төндірер әрекеттеріміз осылай сан соқтыруда.

Аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылындағы дәмханалар мен мал базарын аралап, өз көздерімен көріп сатушыларға бірқатар ескертулер жасалып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныс жолданды.

Сондай ақ аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған Қарабулақ ауылындағы «Жаңа мал базар» карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкер Хасанов Уткиржан Нематжановичке ҚРӘҚБтКодекстің 425 бап 1 бөлігімен айып пұл салынды.
Аудан тұрғындары саусақ бірікпей, ине ілікпейді вирусты өмірімізден біржолата алыстату үшін қатаң тәртіпке бағынғанымыз абзал.

Карантин талаптарын сақтаудың ең қарапайым ережесі — арақашықтықты және маскалық режимді сақтау. Ел саулығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.