САЙРАМ: Еститін құлақ, түсінетін азамат болса

САЙРАМ: Еститін құлақ, түсінетін азамат болса

24 просмотров

САЙРАМ: Еститін құлақ, түсінетін азамат болса

Соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде денсаулықтың басты байлық екенін жете түсіне бастадық. Аудан тұрғындары арасында 2021 жылдың 1 қаңтар – 20 шілде аралығында «COVID-19» жұқпасының зертханалық сынамасы расталған 557 адам тіркелді. Бүгінгі таңда тіркелген азаматтардың 110-ы ем қабылдауда, жазылып шыққандар – 444 адам.

Аудан бойынша «COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау І компонент-51820 адамға жүргізілді. ІІ компонент 31133 адам вакцинациядан өтті. Ауданда 10 егу пункттері ұйымдастырылған, қосымша 2 пункт қосылды. Дегенмен, тұрғындар арасында той, жиындарға бару толастамай тұр. Жасырғанның жарасы асқынады демекші, өз бетінше үйде емделу, денсаулығына немқұрайлы қарау қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын мобильді топтар үздіксіз түсіндірумен келеді. Оған құлақ аспай, өз бетінше әрекеттенетіндер аз емес. Мысалы, Құтарыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде өткен аптаның сенбі күні той өтіп, 11адам ауруханадан бір-ақ шықты. Олармен тағы бірнеше ондаған адам қатынаста болған. Қазір осы адамдар карантинге жабылды. Кім ұтты? Кім зардап шекті? Біле тұра, өзімізге қауіп төндірер әрекеттеріміз осылай сан соқтыруда.
Әр азамат өзінің басына түспейінше, түсінбейді. Шын мәнінде, жағдай былтырғыдан да күрделі. Айтудай айтылуда. Еститін құлақ, түсінетін азамат болса.
Ауданда арнайы құрылған мобильді топтардың жұмысына кедергі жасаушылар көп. Жақында бір тойдың үстінен түскен мобильді топқа той иелері «бұл той емес, әкеміздің жылдық асы» деп мойындамай, дау тудырған. Ал келесі бір тойда арнайы топ мүшелеріне масаң күйдегі ерлермен қосыла әйелдер де «сұраған ақшаларыңды беріп қойдық, енді не керек, шығыңдар!» — деп, тексерушілердің алқымынан алған.

Бүкіл әлем халқы сақтанудың жолын іздеп, иммунитетті көтеру, сауығудың әдістерін зерделеп жатқанда біздің жерлестеріміз тығылып, өз сөздерімен айтқанда, «келісіп», ауру жұқтыруда. Сонда қалай болғаны?!Өзімізге өзіміз неге бұлай қарсы әрекет жасаймыз? Ал, ата-баба дәстүрінде әруақты сатып, ант ішкен жағдай болып па еді??? Біз қайда барамыз, соны бір мезгіл ойлануымыз керек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.