САЙРАМ: Мұқтаж отбасыны баспанамен қамтуға ниетті

САЙРАМ: Мұқтаж отбасыны баспанамен қамтуға ниетті

14 просмотров

САЙРАМ: Мұқтаж отбасыны баспанамен қамтуға ниетті

Әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалған емес.2021 жылдың 6 айында аз қамтамасыз етілген 3290 отбасына 442 млн теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 2021 жылдың 6 айында 3606 балаға 107,6 млн. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары да құр қол қарап қалған жоқ. Кәсіпкерлер мұқтаж отбасыны баспанамен қамтуға ниетті.

Демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үй салынуда. Баспана құрылысы ағымдағы жылы қараша айында аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі — үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр. Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.