САЙРАМ: Өңірлік өнім көлемі 158 млрд. теңгеден асқан

САЙРАМ: Өңірлік өнім көлемі 158 млрд. теңгеден асқан

30 просмотров

САЙРАМ: Өңірлік өнім көлемі 158 млрд. теңгеден асқан

Сайрам ауданында 2021 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2020 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр. Өңірлік өнімінің — 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Ауданда өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өскен.

Сонымен қатар, өткен жылы ауданда өнеркәсіп саласында 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыс көлемінде үлес бойынша 4 орынды иемденген. Сондай-ақ, аймаққа 2,3 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы 131 жұмыс орны ашылған. Тартылған инвестицияның 60%-ы жеке қаражаттың үлесінде.

Жаңадан 154 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 500 гектарға жетіп отыр. Жылыжайлар 10 га жерге салынып, жалпы көлемі 48 га құрады, қарқынды бау көлемі — 467 га жеткен. Сондай ақ, облыстағы ең ірі мал бордақылау кешені болып саналатын «Нұрым групп» ЖШС-і жаңа технологияларды ендіре отырып, қосымша 5 мың бас бұқашық алып, бордақылау кешеннің сыйымдылығын 15 мың басқа жеткізген. Нәтижесінде, 2021 жылы ауыл шаруашылығыөнімінің көлемін 100млрд.теңгеге жеткізу межеленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.