ШЫМКЕНТ: Жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты

ШЫМКЕНТ: Жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты

26 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты

Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков аталған шағынауданға барып, құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады.
Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.

Сондай-ақ, Каратау ауданы Тассай тұрғын алабындағы жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысы аудан әкімі тарапынан үнемі бақыланып отыр. Әкімдік мамандары құрылыс жұмыстарының барысын аралап, жұмыстарды сапалы орындау, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін дер кезінде қайта қалпына келтіру бойынша мердігер мекемемен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәріз жүйесінің құрылысын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Сарыағаш- Аман» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда.
Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде Тассай тұрғын алабындағы 3 мыңға жуық үй орталық кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.