ШЫМКЕНТ: Емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттері тексеріліп, вакцинациялау жұмыстарымен танысты

ШЫМКЕНТ: Емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттері тексеріліп, вакцинациялау жұмыстарымен танысты

57 просмотров

ШЫМКЕНТ: Емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттері тексеріліп, вакцинациялау жұмыстарымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. А.Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп, вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді.

№3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.
Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында дер кезінде амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.

Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын бұданда көбейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер сатып алуға 200 миллион теңге бөлінсе, дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында қалалық әкімдік резервінен 5 түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.