Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов қоғамдық көліктің карантин кезеңіндегі жағдайын бақылау мақсатында бақылау тексеру қызметі мамандарымен бірге мониторинг жүргізді.
Сонымен қоса айта кететін тағы бір жағдай қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Күн сайын бақылау қызметі мамандары мониторинг уақытында демеушілер есебінен маскасы жоқ жолаушыларға маска тарқатуда.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7292 адам вакцина алды (I компонент-2286, II компонент-5006). Егу науқаны басталғалы барлығы 376 523 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 289 592 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 535 жағдай (465 симптоммен, 70 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды. бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.