ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылық саласында өнімнің жалпы көлемі едәуір артқан

ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылық саласында өнімнің жалпы көлемі едәуір артқан

20 просмотров

ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылық саласында өнімнің жалпы көлемі едәуір артқан

Шымкент қаласында ауыл шаруашылық саласында биыл құны 9 млрд. теңгеге 1500 жұмыс орнымен 25 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.

Бүгінге құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қалған жобалар жылдың соңына дейін ашылатын болады. Нәтижесінде жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. Өсімі 108,5% құрайды.

Сонымен қатар,  биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Осы уақыт ішінде 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Есепті кезеңде ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты, құс 975,6 мың басты құрап отыр.
Қалада жануарларға аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы 1 508 815 басқа ауыл шаруашылығы жануарларына екпе егілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.