ШЫМКЕНТ: Елді мекендердегі инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру қарқынды жүзеге асуда

ШЫМКЕНТ: Елді мекендердегі инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру қарқынды жүзеге асуда

23 просмотров

ШЫМКЕНТ: Елді мекендердегі инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру қарқынды жүзеге асуда

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 23,7 шақырым.

Бас мердігер «Алтын Констракшн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтап, нысанды пайдалануға бермек.

Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді.

Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Сондай-ақ, елді мекендердегі инфрақұрылымы жүйесін ретке келтіру жөніндегі қала әкімі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданында орналасқан «Тұран» шағынауданы аумағындағы топырақ көшелерге шағалтас төсеу жұмыстары атқарылуда.
Аталған жұмыстар барысын аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері тұрақты қадағалауда. Жалпы аудан аумағында ұзындығы -1110шақырымды құрайтын -1272 көше бар. Оның 549,1 шақырым (483 көше) — асфальт, 500шақырым (735 көше) — шағал тас, 60 (54көше) шақырым — топырақ көшелер.
Айта кетейік, аудан бойынша 60 шақырымға жуық жолдарға шағал тас төсеу атқарылатын болады. Сондай-ақ, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Достық» елді мекендерінде де жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.