ШЫМКЕНТ: Контейнерлер айналасы бей-берекет қоқыстарға толып, тұрғындардың наразылығын тудыруда

ШЫМКЕНТ: Контейнерлер айналасы бей-берекет қоқыстарға толып, тұрғындардың наразылығын тудыруда

25 просмотров

ШЫМКЕНТ: Контейнерлер айналасы бей-берекет қоқыстарға толып, тұрғындардың наразылығын тудыруда

Абай ауданы аумағындағы 4 шағын ауданында орналасқан қоқыс контейнерлеріне жеке сектор тұрғындары тарапынан жеңіл көліктермен келіп қоқыс тастау фактілері жиі орын алуда. Бұл өз кезегінде қоқыс контейнерлердің мерзімінен бұрын толып, айналасы бей-берекет қоқыстарға толып, тұрғындардың наразылығын тудыруда.

Осыған орай, аудан әкімі аппаратының мамандары экология полициясымен бірлесе рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған қоқыс контейнеріне жеңіл көлікпен келіп, бей-берекет қоқыс тастаған 2 азаматқа айыппұл салынды. Алдағы уақытта қоқыс тастамау туралы ескертілді. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін әр тұрғынның қоқысты дұрыс тастауды білгені жөн. Кей заттарды коқыс жәшігіне лақтыру қауіпті.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында бей-берекет қоқыстардың алдын алу бойынша әр ауданға экология полициясы берілген болатын. Соның ішінде Абай ауданына қалалық полиция департаментінен 4 экология полициясы бөлінді. Алдағы уақытты экология полициясы тиісті жұмыстар жүргізетін болады. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.