САЙРАМДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН КЕШТІҢ ТҮСІРІЛІМІ ӨТТІ

САЙРАМДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН КЕШТІҢ ТҮСІРІЛІМІ ӨТТІ

44 просмотров

САЙРАМДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН КЕШТІҢ ТҮСІРІЛІМІ ӨТТІ
15 тамыз — композитор, Қазақстанның халық артісі, Қазақ вальсінің королі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматы, аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның әндері еліміздің қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасында барынша кең тараған. Ән өнерінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақтың мақтанышы. Қазақстан Республикасының Гимні «Менің Қазақстаным» әнінің авторы.
Бүгін, Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінде автордың туған күніне орай, онлайн кештің түсірілімі жүргізілуде.
Әр қазақтың жүрегінде Шәмшіге деген сағыныш, ерекше ыждахаттылықпен айтылатын әндерін мәдениет үйінің өнер ұжымдары нақышына келтіріп орындауда.
Автордың 300 жуық әндерінің барлығы да, әсіресе «Дүңген қыз», «Қалқатай, қайдасың», «Теріскей», «Ақ бантик», «Қайықта» халықтың сүйікті әндеріне айналды, жастар арасында үздіксіз орындалуда.
Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары! Онлайн концерт 15 тамыз күні «Сайрам мәдениет» Facebook парақшасында жарияланатынын хабарлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.