295,9 ГЕКТАР ЖЕР АУДАН ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

295,9 ГЕКТАР ЖЕР АУДАН ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

95 просмотров

295,9 ГЕКТАР ЖЕР АУДАН ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Аудандық жер учаскесіне құқық беру коммиссиясы 2018 жылы 41 отырыс өткізіп, 714 өтініш қарады. Оның ішінде үй іргелік жер беру туралы 622 өтініштер қаралып, жеке меншік құқығына берілгені — 190, 2 жылға жалға берілгені – 256, құрылыс жұмыстарын аяқтай алмау себепті мерзімін тағы 1 жылға ұзартып берілгені – 157, бас тартылғаны – 19. Жалпы 608,5 га жайылым жер телімінің санаты суармалы жерге ауыстырылды. 153,645 га жер телімінің нысаналы мақсаты жылыжай құрылысы үшін, 4,9 га жер телімінің нысаналы мақсаты мал бордақылау алаңы үшін, 208 га жер телімінің нысаналы мақсаты мал қора және шопан үй құрылысының орны үшін ауыстырылып берілді. 60 лот бойынша 1226,7 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне конкурс өткізілді. Оның ішінде, суармалы жер – 260,7 га; тәлім жер – 437 га; жайылым жер – 529,0 га; Конкурс нәтижесі бойынша 48 лот бойынша 828,1 га жер теліміне 48 жеңімпаз анықталды. Оның ішінде, суармалы жер – 219,1 га; тәлім жер – 317 га; жайылым жер – 292 га. 2017-2018 жылы жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде, жалпы аудан бойынша 5455,27 га. игерілмей жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдері анықталып, тізімі облыстық жер инспекциясы басқармасына шара көру үшін жолданды, 22 жеке және заңды тұлғалардың 295,9 гектар жер телімі өз өтініштері негізінде аудандық қорға қайтарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *