ТҮРКІСТАНДА ДІНИ КОНФЕССИЯ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАНДА ДІНИ КОНФЕССИЯ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

10 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ДІНИ КОНФЕССИЯ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІТүркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін күшейту, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту және рухани әлемдегі мәселелер талқыланды.

Рухани жүздесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Виталий Смольянов және басқа да дін өкілдері сөз сөйледі. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов облыстағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті.

«Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Елбасының бастамасымен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты өтіп жүр. Дәл қазір еліміздегі дін саласындағы мәселелер дұрыс шешімін тауып қана қоймай, дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп айта аламыз»,– деді ол.Жиын соңында діни конфессия жетекшілеріне мерекеге орай алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды. Бүгінде Түркістан облысы аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 784 діни бірлестік жұмыс атқарып келеді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 2 филиалы бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *