БӘЙДІБЕК: ҚИЫРШЫҚТАС ӨНДІРЕТІН ОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

БӘЙДІБЕК: ҚИЫРШЫҚТАС ӨНДІРЕТІН ОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

7 просмотров

БӘЙДІБЕК: ҚИЫРШЫҚТАС ӨНДІРЕТІН ОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы филиалы фракциясының бастамасымен табиғи орындардың құндылықтарын сақтау және халықтың игілігіне жұмсау мақсатында арнайы топ құрылып, облыс аумағындағы кең таралған қазбаларды өндіретін орындарды аралауда.  Бәйдібек ауданына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғабит Қапалбаев аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрлан Бекжігітов және басқа да құзырлы органның өкілдері Жамбыл, Бөген, Боралдай ауылдық округі аумағындағы құмды қиыршықтас өндіретін орындарда болып, қазіргі жұмыс жағдайымен танысты.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 8 кең таралған қазбаларды өндіретін орындардың рұқсат құжаттары алынған. Алайда қазіргі таңда олардың ішіндегі «Қарабастау» ЖШС-не тиесілі Тасқұдық ауылының маңында орналасқан құмды қиыршықтас өндіретін орын жұмыс жасап тұр. Қалған 7-і жұмысын тоқтатқан.

Жалпы Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен және ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау бойынша жұмыстар күшейтілді. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясының бақылауында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *