МАҚТААРАЛ: ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

МАҚТААРАЛ: ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

5 просмотров

МАҚТААРАЛ: ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, ауданда жиын-терім науқанының аяқталуына байланысты «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы аясында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінде футболдан ауданаралық турнир өтті.
Жарысқа Мақтаарал және Жетісай аудандарынан жалпы саны 20 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген округ әкімі Бақыт Маханбетов елдің Тәуелсіздігімен мақтану — нағыз патриотизмнің белгісі екенін атап өтті.
«Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығын әрі тұтастығын білдіретін бұл мереке — әрбір қазақстандық үшін өте қастерлі. Кейінгі буын жастар береке-бірлікті сақтай отырып жаңа мақсаттарға ұмтылса — еліміздің болашағы бұдан да жарқын бола түспек. Осынау Ұлы мереке қарсаңында өтіп жатқан турнирді ашық деп жариялай отырып, жарыста бәріңізге сәттілік серік болсын деп тілеймін!» — деді Бақыт Жағалбайлыұлы.
Бір күнге жалғасқан турнирдің нәтижесінде IVорынды «Сырдария» университетінің құрамасы, ІІІ орынды «Дәулет» жеке кәсіпкерлігінің құрамасы, II орынды «Академия Жетісай» құрамасы және жүлделі І орынды «Атамекен (40 жылдық)» ауылының құрамасы жеңіп алды. Барша жеңімпаздар диплом мен ақшалай марапаттарға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *