ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 просмотров

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫТүркістан қаласында  азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесуге қала прокуроры Жаннұр Асқарбекұлы, қала прокурорының орынбасарлары Күмісхан Батырханұлы мен Ержан Кеулімжайұлы, қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы қатысты. Сонымен бірге, жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Тоқбергенов пен Түркістан қалалық мәслихаты депутаттары да тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады.
Шара барысында тұрғындарға ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық, Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң талаптары және Мемлекет басшысының 01.09.2020ж. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында берген тапсырмасына сәйкес қылмыстық қудалау қызметін модернизациялау жүргізіліп, өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған​ үш буынды модельі түсіндірілді.
Жиналыс барысында этносаралық келісім тақырыбы қозғалып, қала прокурорымен ұлт аралық келісімді нығайту мәселелері бағдарланды.
Одан бөлек, 6 сектор тұрғындары алдын ала белгіленген 3 орында кездесу кезінде толғындырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Әкімдіктің бөлім басшылары мен басқарма қызметкерлері жиналған басқосуда тұрғындардың мәселелері жан-жақты талқыланып, заңдылығы түсіндірілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *