"МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«МЕНІҢ ОТАНЫМ — ҚАЗАҚСТАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

27 просмотров

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің ұйымдастыруымен «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында шығармашылық көрме өтті.
Көрмені Түркістан қаласының көлөнер мектебінің директоры Жамалова Балжан Насирдинқызы ашып беріп, Түркістан қаласының құрметті азаматшасы, әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы, Түркістан қаласының мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Әбдіжаппар сөз сөйлеп, көрмені тамашалады.
Айта кетейік, Түркістан облыстық адами әлеуметті дамыту басқармасы, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Түркістан қаласының балалар көлөнер мектебі» 2013 жылы 28 желтоқсанда салтанатты түрде ашылды.
Қазіргі таңда колөнер мектебінде 9 үйірме жұмыс жасайды. Олар: сурет,кескіндеме, ағашты көркемдеп өңдеу, тері және былғарыны көркемдеп өңдеу, зергерлік, керамика және мүсін, тоқыма және гобелен, тігін және дизайын, дайындық тобы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *