"БОЛАШАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛМЕК

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛМЕК

11 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін қайта өзгерткісі келетіндігін айтты, деп хабарлайды  aimak.com.kz.

"БОЛАШАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛМЕК

«Елімізде білім беру жүйесін қайта өзгерткім келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. тым көп дайындаймыз. Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. «Болашақ» бағдарламасы қайта бағдарлаймыз. Біздің жастарды оқуға, соның ішінде Ресейге де жіберетін боламыз. Мүмкін, бірінші орында Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін шығармыз«, – деді Тоқаев.

Қазақстанда ол техникалық мамандықтарды оқытатын әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмаcын айтып кетті.

«Жас қазақтар техника саласының мамандары болуы керек. Бұған кәміл сенемін. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген мың қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі«, – деді Тоқаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.